Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу жұртшылығы уағыз насихат тобының келуіне дән риза!

29.10.2013 4073 0 пікір

Қазан айының 21 жұлдызынан бері уағыз насихат тобы Талдықорған өңірінде қалалық, аудандық мешіт жамағаттары мен жалпы жұртшылықпен кездесіп ағартушылық жұмыстарын атқаруда. Осы топты құрып халықтың ауызбіршілігі мен беркесін сақтау үшін уағыз насихат тобын ұйымдастырған ҚМДБ-на  елдің алғысы шексіз. Бұл жолы Жетісіу жеріне сол топтың мүшесі әл-Әзһар университетінің түлегі Асқар Әбітайұлы келді.

Алдын ала белгіленген жоспар бойынша уағыз насихат тобы және өкіл имам Серікхан Рымханұлы барлық қалалық, кейбір аудандық мешіттерді аралап жамағатпен жүздесіп сұхпат құрды. Қаладағы ЖОО студенттері мен кездесіп экстримизм, терроризм тақырыптарында сөз қозғай келе, атадан жалғасын тауып келе жатқан Ханафи мазһабы жайлы толық мағлұмат беріп өтті. Сөз соңдарында жастардың елдің жарқын болашағы екендігін ескерте келе ақ тілектерін білдірді.

Кербұлақ, Сарқан, Қарабұлақ аудандары мен Текелі қаласының жамағаттары, жалпы жұртшылықпен кездесіп рухани бір серпіліс жасап қайтты.

Жетісу телеарнасында тікелей эфирде үзілмей жүріп келе жатқан жұма күні болатын «Иман ашар» бағдарламасында Асқар Әбітайұлы қонақта болып, жалпы жұртшылықтың сауалдарына жауап беретін болады.

 

Талдықорған өңірінің өкілдігі

«Нұр» орталық мешітінің

Баспасөз қызыметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру