Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңіріндегі қазақы нақышта өткен мерейлі, мерекелі – Құрбан айт

24.10.2013 4046 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде  Сыр өңірі ұлық мереке Құрбан айт мейрамын бұрынғыдан өзгеше атап өтуде.

Құрбан айттың алғашқы күнінде айт намазына Сыр  жұртшылығы ағыла түсті. Айт намазына асығып адамдар жүгіре жөнелсе, енді бірі Аллаһ разылығы үшін құрбан шалуға асыға жөнелді. Бас имам Талғат Омаров Сейіткәрімұлы  жиналған жамағатқа ұлық мерекенің тарихына, артықшылығына кеңінен тоқталып: « Аллаһ үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, өзгелерге таралған еттер, олардың жүздеріне мол қуаныш сыйласын. Әрбір мұсылманның отбасына шаттық, береке беріп, еліміз тыныш, бейбіт болуын Аллаһ тағала жазсын. Елбасымыз бен Дінбасына күш-қуат беріп, Аллаһ істеріне береке берсін. Елімізді әрбір пәлекеттерден аман, бүліктерден сақтасын. Халқымызға иман байлығын беріп, екі дүниенің бақытын нәсіп еткей. Шалғалы жатқан Құрбандықтарыңыз қабыл болып, көптеп сауап жазсын. Аллаһтың мейірімі, пайғамбарымыздың шапағаты баршамызға нәсіп болсын»- деп бата беріп, жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

 Осы күні алғашқы астана болған, Қызылорда халқын Аллаһ үйіне келген облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы: «Қадірлі жерлестер! Баршаңызға Құрбан айт құтты болсын. Жақында қаламызға Елбасы келіп аралап өте жақсы бағасын беріп кетті. Бұл сіздер мен біздердің жасап жатқан еңбектің жемісі. Ендеше осы елімізге қызмет жасап, білім алып, блімді ұрпақ өсіруіміз керек. Келер ұрпақ дініне берік, білімге жақын болсын. 4500 жуық қандастарымыз Аллах алдындағы бес парыздың бірі қажылық сапарларын өтеуде. Жаратқан Иеміз баурларымыздың қажылықтарын қабыл еткей. Аллаһ ризашылығы үшін  шалған құрбандықтарымызды, айтқан тілектер қабыл болып, Елімзде тыныштық болсын, ұрпағымыздың болашағы мол болсын!» – деп көкейтесті тілегін білдірді.

Айт намазынан кейін халық  мешіт ауласына тігілген киіз үйлер мен шатырлардан дәм татып, мешітіміздің әйелдер жамағатының  өз қолдарымен даярлаған дәмді тағамдарымен қол өнер бұйымдары жәреңмеңкеге қойылып, жамағаттар өздеріне қажетті бұйымдарын сатып алып жатты. Қыздарымыз түскен қаржыны Аллаһ разылығы үшін зекет қорына аудармақшы.

Сонымен қатар ұлық мейрам қазақ халқына етене жақын арқан тарту, қазақша күрес, қол күрес, кір тастарын көтеруден өте қызықты, әр адамның делебесін қоздырарлық ойын өтті. Ойынға қатысқан мықтыларымызда құр алақан кетпей бас бәйгелерді алған жеңімпаздарымыздың әр қайсысына бір-бірден үш теледидар сыйға берілді. Басқада жеңімпаздарға ақшалай 20000, 15000, 10000, 5000 теңге ұсынылды.

Айт намазы аяқтала халық мешіт жанындағы қасапханаға арнайы шақырылған қасапшыларға құрбандық шалдыруға кірісіті.

 Бұл құрбан айт, бұрынғы құрбан айттан өзгерек деп халықта өз ықыластарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлағандарына алғыстары мен жылы лебіздерін білдірді.

Соныме қатар қоғамдық көліктерге де «Құрбан айт құтты болсын» деп жазылған банерлер ілінді. Мұның барлығы құрбан айт мерекесі келгенін жариялап тұрғандай.
Міне Сыр өңірінің халқы ұлық мереке Құрбан айттың алғашқы күнін осылайша қарсы алды.
 


ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы
Ескендир Әсел

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру