Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сәтбаев қаласындағы өткен іс-шаралары

24.10.2013 4077 0 пікір

Ауруда шипа да Алладан.

Экстремизімнің алдын алу мақсатында Жезқазған кентіндегі «Бөбек» балалар шипажайында  кездесу өткізілді. Ол кездесуді ұйымдастырушы Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімі. «Бөбек» балалар шипажайының басшысы С.Х. Мағзумованың ұйымдастыруымен 30 адам қатысты. Кездесуді Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Бушманова Б.А.  қазіргі еліміздегі және әлемде болып жатқан «діни ахуал» жайлы айтып бастады. Одан кейін сөз алған Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің найб имамы Нұрғалиев С. «Исламның бейбітшілік діні екені» және «Исламның құндылықтары» жайлы уағыз- насихат айтты. Сонымен бірге жиһад жайлы кең мағлұмат берілді. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде айтылғандай: «Біз қазір кіші жиһдттан үлкен жиһадқа қайттық»- деген кезде,Сахабалар: (уа, Расулуллаһ, үлкен жиһад деген не?) – деп таңғала сауап қойды. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Ол – өз нәпсіңмен күрес» - деп қысқа да нұсқа жауап қайырды. «Жиһад» ұғымы, ел басына қауіп төнбей, ешқандай жағдайда қолға қару алып, жиһадқа шығуға болмайтындығы айтылған. Кейбір теріс ағымға ерушілердің түсінігі бойынша «жиһад» ол, Алла жолында «шәһид» болу, иманның кемелдігі және «жәннатқа» - кіру деп, түсінеді. Бірақ бұл дұрыс емес.

         Қасиетті Құран кәрімде: «Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса – күллі адамзатты өлтіргендей болады» «Мәида» сүресі, 32-аят   . Беліне түрлі жарылғыш байлап, өздерінің жанын қыю үшін өзіне қол жұмсаған жанкештілер, өздерін «шәһидпіз» деп есептейді. Шәһидттік мәртебе бейкүнә жандарды өлтірумен келетін оңай нәрсе емес. Өз - өзіңді өлтіру – исламда үлкен күнә. Құранда «Өздеріңе өздерін қол жұмсамаңдар!» делінген. «Ниса» сүресі, 29-аят. Жиналған көпшілікке осындай Құран аяттарымен Пайғамбарымыз (с.а.с) хадистерімен дәлелдер келтіре отырып, экстремизімнің алдын алу керектіг түсіндірілді. Жиналғандардың ішінде Абишева Ж. «Хиджаб жайлы», «Мешітке бармау күнә ма?» деген сауалдар қойды. Сонымен бірге Серікбаева А. «Теріс ағымдардың пайда болуына» байланысты сұрқтар қойылды және оған толық жауап берілді.

Тарихы терең – Құрбан айт.

Тарихы терең Құрбан айт мерекесін тойлау Сәтбаев қаласы Сәдуақас Ошақұлы мешітінде де шет қалмады. Таң намазынан ағыла бастаған жамағат құран тыңдап, бас имам Мырзагелдиев Хамит Әліпбекұлы жамағатқа құрбан шалудың сауабы жайында уағыз айтты. Имамға үйып айт намазы оқылды. Бұл уақытта сауабы мол құрбандыққа қойлар шалынып, бірнеше жағдайлары төмен отбасыларға үлестірілді.

Адам баласы құрбан айтта құрбан шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.

Құрбан айт мерекесінде қаламызда аз қамтылған отбасылар мен жетім- жесірге  қайрымдылық  жасаған жомарт   азаматтар да  аз  болмады.  Мәселен,  Жезқазған  кентінде  орналасқан  отбасы  түріндегі  «Балалық  шақ» балалар   үйінде  қайрымдылық жасау да ұмытылмады. Ел ағалары бірігіп  балаларға  тәтті  тағамдар  таратты. Сонымен  қатар, қаламыздағы  барлық  кәсіпкерлерінің   басын  қосқан «Кәсіпкерлер қаумдастығы»  да  аталған  шарадан тыс қалмай, балалар  үйіне  екі мал  құрбандыққа  шалды.

Балалар  үйі тәрбиеленушілері мен тәрбиешілеріне дін  өкілі Сәдуақас Ошақұлы мешіттің бас имамы Хамит Мырзагелдиев Құрбан айт  мейрамының мән маңызын айта отырып, құран оқып, елімізге  тыныштық,бейбіт  өмір тіледі.  

Раббың үшін намаз оқы- Құрбан шал

15 қазан дүйім мұсылмандардың құтты мерекесі. Бұл күні әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылмандар жаратушы иеміздің разылығы үшін құрбан шалып Алланың мейірім шапағатына бөленуге тырысады. Адам осындай ізгі амалы арқылы жаратушысына жақындай түседі. Құраннан өз орнын ойып алған аяттар мұсылмандарға белгіленген күнде шамасы жеткен әр жан құрбандық шалу амалын іске асыруға шақырады. Пайғамбарымыз (с.а.с) «Шамасы жете тура құрбандық шалмаған адам намаз оқитын жерімізге келмесін » деген. Осы аят хадистерге сүйеніп Пайғамбарымыз (с.а.с) сүннетін жаңғырту мақсатында Сәтбаев қаласында айтулы Құрбан айт мерекесі аталып өтті. Таң сәріден жиналған жамағат құран-насихат тыңдап бір қатарда айт намазын оқыды. Бір – біріне деген сүйіспеншіліктері артып, сыйлықтарда берісіп жатты. Сауабы кең болған құрбандыққа 4 сиыр 40 қой шалынып жұмыспен қамту мекемесінде тіркеліп тұрған жұмыссыз 70отбасы, мешітке тіркелген 130 отбасына үлестірілді. Жастардың жаны жақын тұратын спорттық ойындар да шет қалмады. Қазақша күрес, кол күрес, кір тасын көтеру, арқан тарту, асық ойнау секілді көптеген ойын бәйгелері өтті. Жеңімпаз болған жастарға мешіт тарапынан сыйлықтар берілді және мешіт жанындағы асханадан 200 жанға құдайы ас берілді.Дастархан басында қала басшысы Омаров А., Ішкі істер бөлім басшылары басқа да ел ағалары бас қосты. Бас имам Бақдаулет қажы Нурматұлы дүйім жамағатқа уағыз-насихат айтып, құран оқып, ел тыныштығы үшін бата тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру