Аллаһ тағала былай дейді: «Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен өздеріңде жеңдер,жоқ-жітікке де жегізіңдер!» (Хаж сүресі,27-28)
Құрбан шалу –ұлы ғибадат,әрі қоғамдық игілікке, ізгілікке бастайды, шаңырақты берекеге бөлейді.Құрбан шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемділігі, тақуалығы мен жомарттығымен көрінеді. Құрбан айт мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Аллаһ разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтушілер қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарыны, дұға оқиды. Мұсылман бласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Аллаһ жолында құрбандық шалу арқылы бірін-бірін дінге берік танытуға шақырады.
Жайық жұрты қасиетті құрбан айт мерекесін қасиетті құран-кәріммен бастады. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы «Құрбандық шалу» турасында уағыз айтып, айт намазының оқылу тәртібін түсіндірді. Бұл шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов, облыс дін істер басқармасының басшысы Талғат Нығметов, Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.
Қасиетті құрбан айт мерекесіне жамағат көп жиналды. Мешіт ауласына құрбан шалушыларға лық толы болды. Мешітте сойылған малдың етін алдын ала жасалған тізім бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға ,балалар үйі мен қарттар үйіне берілді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.10.2013
3907
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру