Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Уағыз-насихат тобы Жезқазғанда

24.10.2013 4814 0 пікір

Жезқазған аймағына іс-сапармен 22 қазан күні ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Шоқанов және Астана қаласы «Шұбар» мешітінің бас имамы Бақбасаров Нұрлан ағаларымыз арнайы насихат жұмыстарын жүргізуге келді.

23.10.2013ж. Жезқазған қаласының «Дидар» телеарнасының прессклубында, Қ.Сәтбаев атындағы №7 метеп-лицейінде және Қазақ – Түрік лицейінде  Сансызбай қажы Құрбанұлы, «Шұбар» мешітінің бас имамы Бақбасаров Нұрлан және Жезқазған аймақтық мешітінің Өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы жастарға өнегелі уағыз айтып, сұхбат берді. Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі, жастардың жат елдерге, оның ішінде Сирия мемлекетіне «Джихат» деген жалған түсінікпен кетіп жатқандығы жайында сөз қозғалды. Өз Отанын, туған жерін, кейбіреулері отбасы,  бала-шағасын тастап кеткендері ді бар. Аналарын зар еңіретіп, теріс ағымдағы кісілердің ықпалына көніп, шынайы ислам дінін бұрмалап қарапайым халыққа тұрпай бейнесін көрсетуде. . Міне, осы жағдайлардың алдын алу, жастардың санасына дұрыс бағыт беру үшін ҚМДБ-ы тарапынан құрылған ақпараттық – насихат тобтары жер-жерлерде уағыздар жүргізуде.

 Ақшам намазынан соң Сансызбай қажы Құрбанұлы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жамағатқа тартымды уағыз жүргізді. Сонымен қатар өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы, «Шұбар» мешітінің бас имамы Бақбасаров Нұрлан іргелес орналасқан Кеңгір мешітінде жиналған жамағатқа мазхабтар жайында, Әбу Ханифа мазхабы бойынша намаз оқу және хадистердің түрлері жайында уағыз-насихат айтты. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Алдағы уақытта насихат жұмыстары Жезқазған аймағы бойынша басқа да ЖОО мен мекемелерде жалғасын табады..

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы

бойынша баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру