Қасиетті Құрбан айт мейрамы ислам дініндегі ең ұлық мерекелердің бірі. Барша мұсылман әлемінің жұртшылығы осы ең маңызды мерекені бүгінде қуанышта қарсы алуда. Биыл «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы Жезқазған аймақтық мешітіне Құрбан айт күні таң намазынан бастап жамағат келе бастады. Қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталып, өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, уағыз-насихат айтты. Жезқазған қаласының әкімі Шайдаров Серік Жаманқұлұлы бастап келген бір топ әкімшілік қызметкерлері арнайы мешітімізге келіп, мұсылман қауымын ұлық мерекемен құттықтады. Еліміз егемендік алғалы мешіттеріміз бой көтеріп, жоғарғы оқу орындармен көптеген медреселер салынды. Заман талабына сай интернет жүйесінің дамуына байланысты бір мезетте «скайп» желісі арқылы уағыз-насихаттар таратуға мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты қала әкімі мешітімізге үлкен экранды «Samsung» түрлі-түсті теледидарын сыйға берді. Содан соң жамағат айт намазын оқыды. Намаздан соң құрбан шалу рәсімі басталды. Қала әкімі Серік Жаманқұлұлы өз отбасы атынан Алланың ризалығы үшін құрбандық шалды. Сонымен қатар құрбандық шалуға ниет білдіріп келген қала тұрғындары атына 4 сиыр малы, 30-дан астам қой малдарынан құрбандық шалды. Шалыған малдардың етін мешіт қызметкерлері арнайы автокөлікпен қала бойынша жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға тізім бойынша жеткізіп, мерекелерімен құттықтады.
Қала әкімі Серік Жаманқұлұлы және өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы бастаған топ содан соң Жезқазған қаласы «Үміт» балалар үйіне арнайы барып, жас балаларды мерекелерімен құттықтады. Жайылған дастархан басында дұға бағышталды, әкімшілік атынан сыйлықтар берілді..
Мешіт ауласында ұлттық спорттық ойындар күрес, қол күресі, гір тасын көтеру және асық ату ойындары ұйымдастырылды. Жүлделі орындарға мешіт тарапынан және жеке кәсіпкер Байғабулов Болат қажы Есетұлының демеушілігімен дайындалған сыйлықтар берілді. Атап айтқанда түйе палуан иегеріне «Қысқа толқынды пеш»,қазақша күрестен 3-топтың әр салмақ бойынша жеңімпаздарына «шаңсорғыш» техникалық бұйымдары сыйға тартылды. Және – де басқа да ұлттық ойындарда жеңіске жеткен споршылардың барлығына дерлік сыйлықтарды Өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы салтанатты түрде табыс етті.
Түстен кейін сағат 15:00-де Жезқазған қаласы «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешіт асханасында келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылды. Осындай игі шараларға қала жұртшылғы өз ризашылықтарын білдіруде. Алдағы уақытта жоспарланған мерекелік рәсімдер жалғасын табады...
ҚМДБ-ның Жезқазған аймақтық
баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.10.2013
4297
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру