Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей өңірінің жаңалықтары

24.10.2013 4421 0 пікір

Жұма күні Өскемен қаласындағы әкімшілік залында  өткен жиынға Семей аймақтық өкіл имамы Мақсат Қуанышұлы, және қала, аудан имамдары қатысты. 

ШҚО-ның облыс әкімінің қолынан  Шығыс Қазақстан облысында конфессияаралық рухани келісім күні , діни тағаттылықты және қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтудағы үлесі үшін Қаламыздағы Төлеубекқажы мешітінің бас имамы Ұлан Ермекұлы және Аягөз орталық мешітінің бас имамы Чадаев Маратхан, Бесқарағай ауданынының бас имамы Дубек Құсайынов, Бородулиха ауданының бас имамы Акимбатчаев Әріпжан, облыс әкімнің алғыс хатымен марапатталды.

Семейде түрлі діни бірлестік өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты

Достық үйінде ішкі саясат бөлімі мен «Даналық» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Жиынға Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің найб имамы Баешов Бекзат және  түрлі діни бірлестік, этномәдени орталық, азаматтық қоғам институттары және ғылыми интеллигенция өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау болды.

Дөңгелек үстел барысында дінаралық қатынастар мен рухани келісімді нығайту, жергілікті атқарушы, құқыққорғау органдары, азаматтық қоғам институттары, ҮЕҰ мен БАҚ қызметін үйлестірудің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар жас ұрпақты тәрбиелеу, діни экстремизммен күрес мәселелерін де көтерді.

Жиналған қауым өсіп келе жатқан жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру жеке мемлекеттік мекемелердің ғана емес, тұтас қоғамның ісі екенін айтты.

Дөңгелек үстел қатысушылары дінаралық келісімді сақтау саласындағы ынтымақтастық бойынша ұсыныстар енгізді.

ҚАЛАЛЫҚТАР ҚҰРБАН АЙТТЫ МЕРЕКЕЛЕУДЕ

Ұлтымыздың ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамын семейлік қауым таңертеңгісін айт намазына жиналумен бастады. Бұл күні қаламыздың барлық мешіттеріне тұрғындар көп жиналған еді. Әсіресе, Әнет баба атындағы Қос мұнаралы орталық мешіт аумағы айт күнгі ғибадатты орындауға келген қалалықтар қатары тіптен мол болды.

Жамағат алдында ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай уағыз айтып, Құрбан айттың мәнін, құрбандыққа шалынатын мал сипаты мен ерекшеліктері жайлы тоқталды. Сонымен қатар Жаратушының мейірімі жауатын осынау күні әрбір мұсылманның өзі үшін, отбасы, туған елі үшін ізгі тілек тілеп, дұғада болуы керектігі жөнінде де тілге тиек етті. Айт хұтбасы оқылып, екі рәкағат уәжіп намазы өтелген соң Құран аяттары оқылып, сауабы марқұмдарға бағышталды. Сан ұлтқа ортақ шаңырақ болып отырған ортақ Отанымыздың өркендеп, ел ертеңінің кемелденуі үшін бата-тілек жасалды. 

Намаздан кейін бірқатар семейлік азаматтар мешіт іргесіндегі арнайы жабдықталған орынға Алла разылығы үшін құрбандық мал шалды.

Құрбан шалу рәсіміне қала әкімі Айбек Кәрімов шаһар ақсақалдарымен бірге келіп ата дәстүріміздің сауапты амалы ретінде мал шалды.

Сондай-ақ, қаламыздағы белді кәсіпкерлердің бірі Ерболат Әпсалямов та бір ірі қараны құрбан ретінде атапты. Ханафи мәзхабының үкімі бойынша уәжіб амалға жататын бұл ғибадатты өкіл имам Мақсат Қуанышбекұлының жетекшілігімен жүргізілді. М.Алтыбай Жаратқаннан дұға етіп, тілек жасады.

Бұл күнгі шалынған мал еті қаламыздағы жетімдер үйінің тәрбиеленушілері сынды әлеуметтік аз қорғалған жандарға Алла разылығы үшін таратылмақ. Осылайша, әлсізге қамқор болып, өзгелерге мейіріммен, жомарт пейілмен қарауға үндейтін асыл дініміздің талабы Семей жерінде де жүзеге асып жатты.  

 

Қос мұнаралы орталық мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру