Орал қаласындағы облыстық мешітте Құрбан Айт мерекесі қарсаңында Құран оқудан жарыс өтіп, республика көлемінде өтетін шараға жеңімпаздар іріктелді.
12 қазанда өткен бұл жарыста «Орал» медресесінің он екі шәкірті бақ сынасты. Олардың арасында I, II, III курс шәкірттері болды.Облыстың өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы кешті өзі бастап ашып беріп, шараның өтудегі мәні мен маңызына терең тоқталып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Алты адамнан тұратын қазылар алқасы әрбір талапкерді үш түрлі сыннан өткізді. Яғни, әркім өзі дайындалып келген сүрені мақамына келтіріп орындап беру, келесі сында қазылар мүшесі отызыншы парадан келтірген аятты әрі қарай жалғастырып әкету, соңғы сында Құран Кәімнің кез келген бетінен құран аяттарын жүргізіп оқып беру керек болды. Қатаң сыннан өткізген қазылар алқасы әр курс бойынша Р.Бейтеуов (III курс), Қ.Сидалиев (II курс), Д.Пилтанды (I курс) жеңімпаз ретінде анықтады. Бап пен бағы қатар шапқан үш шәкіртті 15 қазан күні Құрбан Айт мейрамына арналатын кеш барысында марапаттайтын болады. Болашақта Құран жарысына жамағат арасынан да үміткерлер қатыстыру жоспарланып отыр.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.10.2013
3757
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру