Қазан айының 13 күні Құрбан айт мейрамына байланысты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан қалалық турнир өтті. Турнирге қаламыздағы орталық, №1-ші және «Бала қажы» мешітінің жамағаты қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы мен Қарағанды облысы бойынша дін істер басқармасының бастығы Нұркенов Қайрат Қаршығаұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша І-ші орынға №1-ші мешіт, ІІ-орынға орталық мешіт, ІІІ-орынға «Бала қажы» мешіті ие болды. Жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен кітаптар табыс етілді. Сонымен қатар бұл игі бастаманы әр тоқсан сайын, облыстық деңгейде өткізу жоспарға қойылды.
Құрбан айт құрметіне доп ойнап, балуандар белдесті
1.Мешіт кубогы сарапқа салынды
Қасиетті Құрбан айт ислам дініндегі ең ұлық мерекелердің бірі саналады. Жыл сайын исі мұсылман қауым бұл айтулы оқиғаны ыстық ыждаһатпен қарсы алады. Әркім құрьандарын шалып, бір-бірін құттықтап, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіреді.
Биыл Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешіті Құрбан айтты әртүрлі спорттық шаралармен қарсы алды. Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымымен жергілікті жерлерде жастар істері бөлімдері құрылған еді.
Ақмола облысы бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі болып Мырзабек Азатхан тағайындалды. Осы бөлім мен Науан Хазрет атындағы орталық мешіттің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында волейболдан жарыс болып өтті. Оған Абай Мырзахметов атындағы университет, педагогикалық, медициналық, агро бизнес және тағы басқа колледждер өз командаларын жіберді. Жарысқа қатысушыларды облыс имамы Қанат Қыдырмин құттықтап, жарыста жеңіске жетуге тілек білдірді. Барлық ойындар аса тартысты өтті. Соңғы мәреге төрт команда табан тіресіп келсе, олардың арасында бас жүлдені Абай Мырзахметов атындағы университет командасы иеленді. Ал, қалған жүлделі орындар Ж.Мусин атындағы қазақ педогика және медицина колледждеріне бұйырды. Жүлделілерге облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Әлімжан Молдағалиев және облыс бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Мырзабек Азатхан арнайы кубок пен жүлделерді табыс етті. Бұл жолы Н.Садуақасов және Б.Васильевтер ең үздік ойыншылар ретінде есімдері аталды. Енді бұл спорттық шараны жыл сайын өткізу дәстүрге енгізілген.
Жүзден жүйрік озады
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Бурабай» спорт кешенінде Ғалым атындағы мешіт пен облыстағы мүфтияттың жастар ісі бөлімі бірлесіп, күрестен біріншілік өткізді. Бұған 26-66 салмақ дәрежелері бойынша барлығы 100-ге тарта балуан қатысты. Жүзден жүйрік озған бұл жарыста білегі де мықты, әдіс-айланы да жете меңгерген жас балуандардың мерейлері үстем болып жатты.
Барлығы он екі салмақта өткен бұл жарыста әр салмақ бойынша С.Елубай (26 кг), М.Адамбаев (29 кг), С. Қанашев (32 кг), А. Жүнісбеков (35 кг), Б. Мұқандаров (38 кг), Ә. Мыйқайдаров (42 кг), С. Елесеев (46 кг), Е. Айтқожа (50 кг), С. Қабидолла (55 кг), Д. Жұмабаев (60 кг), Х. Щернеев (66 кг) және И. Еркін (66 кг жоғары) жеңімпаз атанып, мешіт жүлдесін иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаған Ғалым мешітінің бас имамы Н. Әбенұлы және дін жанашыры А. Бердалиндер балуандарға табыс тілеп, арнайы сыйлықтарды табыс етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.10.2013
3904
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру