ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттен берілген тапсырмаларды шұғыл түрде жүзеге асыру мақсатында облыс өкіл имамы Н.Исенов «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде барлық қала, аудан имамдарының кезекті жиналысын өткізді.
Күн тәртібінде мешіттердегі діни сауат ашу курстарының оқыту барысы, атап айтқанда ҚМДБ-дан нұсқалған 3 кезеңнен тұратын сауат ашу курсының бағдарламасы іске асуда ма, шам- құптан намаздары арасында уағыздар қандай деңгейде өтіп жатыр, бекітілген тақырыптарға орай уағыз-насихаттар жүргізілуде ме деген сауалдармен қатар қыркүйек айындағы «Мектепке жол» акциясы аясында мешіттерден атқарылған іс-шаралар, қала, аудан, ауылдық жерлерде тіркеудегі мұқтаж жандарға жасалып жатқан қайырымдылық шаралар барысы, Құрбан айт қарсаңында апта сайын жасалып жатқан тазалық жұмыстары, аудан мешіттерінің апталық есептері тыңдалды.
Сонымен қатар жуырда ғана Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет пен аймақ басшысының өз қолдарымен табыс еткен «Газель» автокөліктерін тиімді пайдалану мақсатында білікті имамдар мен дінтанушы мамандардың құрамында уағыз-насихат тобын жасақтап өңіріміздегі өзге ағымдарға еліктеушілер төбе көрсете бастаған елдімекендерге, соның ішінде басты назарда тұрған Жуантөбе, Майқайың, Солнечный, Кенжекөл т.б. ауылдарда тұрақты жұмыстар жүргізу, арнайы жоспар бойынша әрбір аудан орталығына ауыл имамдарын жинап апталық семинарлар ұйымдастыру келісілді. Мәселен, өкіл имамның наибтары аудандарға 3-5 күн мерзімінде іс-сапармен барып ауыл имамдарының білімін жетілдіру, оларды компьютер, ғаламтормен жұмыс жүргізу және мешіттің кіріс-шығыс құжаттарын реттеуге үйретумен қатар жамағаттың сұрақ – сауалдарына жауап беріп, кешкі уақыттарда жамағатқа уағыз-насихаттар айту, сабақ үйрету (ақида, фиқһ), шәкірттерге дәріс беру, мешітке жамағат тарту жұмыстарын денелей жүргізетін болады. Бір сөзбен айтқанда мешіттерді жамағатпен көркейтуге атсалысатын болады.
Өкіл имам Н.Исенов жиналыс соңында қала, аудан имамдарына алдағы уақыттарда атқаратын кезекті тапсырмаларды жүктей келе облыстағы мешіттердің жұмыстарын қарқындандыру мақсатында қала, аудан мешіттеріні 3 топқа бөліп оларды жауаптанған орталық мешіттің кураторларынтағайындап таныстырды.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.10.2013
3467
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру