Жуырда ғана ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы қызметіне келген Наурызбай қажы Өтпенов пен қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуреновкеше жергілікті үлкенді-кішілі мешіттерді аралап шықты.
Ондағы бас имамның мақсаты – қала мешіттерінің тыныс-тіршілігімен және ондағы дін қызметкерлерімен жақын танысу, алда келе жатқан ұлық мереке – Құрбан айтқа деген дайындық барысын ортақ пысықтау болды.
Бас имам бастаған топ құрамы қаладағы «Әл-Ғани» мешітінде, «Шейх Кунта қажы» мешітінде, «С.Ғылмани» мешітінде, «Төлебай» және «Әс-Сәлам» мешіттерінде болып, ондағы тыныс-тіршілікпен танысып, әрбір мешіттің ұжымдарымен жеке-жеке кездесу жиындарын өткізді.
Жиын барысында Н.Тағанұлы осыған дейін атқарылып келген шараларды жандандырып, онан әрі біріге отырып жалғастыру қажеттігіне баса назар аударды.
Сондай-ақ, әр мешіттің ішкі-сыртқы тазалығына, жұмыс тәртібіне аса мән беріп, имам деген атқа кір келтірмей соған сай елмен жақын болып, аянбай қызмет жасауға және келе жатқан құрбан айт мейрамын халықтық деңгейде өткізуге шақырды.
Сонымен қатар, Астана мешіттерінің бірлесе ұйымдастырып жатқан «Құрбан шал!» сауапты акциясына бір кісідей атсалысуға үндеді.
Қала имамдары мен ондағы қызметкерлер мешіттерді аралап, өздерімен емен-жарқын жүздесіп, ой-пікір алмасқан бас имам Н.Тағанұлының жаңа қызметіне табыс тілеп, елдің бірлігі мен асыл дініміз исламның кең қанат жаюына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.10.2013
3931
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру