Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға семинар басталды

10.10.2013 3219 0 пікір
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлының қолдауымен «Нұр-Қазақ» Египет Ислам университетінің түлектері төрт магистрант арнайы шақырылып аудан және шалғай ауыл имамдарының басын құрап екі айлық семинар басталды.

Қазан айында семинарАрал, Қазалы, Қармақшы елді – мекендерінде өтсе, Қараша айында Жалағаш, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған аудандарында жалғасын таппақ. Өкіл имам Талғат Омаров «Skype» жүйесі арқылы осы аудандарға шығып семинардың басталуы мен құттықтап, имамдардың білікті, жан-жақты білімді болуы, келешегі кемел елміздің жастарының елін сүйетін иманды болуына орасан зор әсер етеді деп имамдарға айта кетті.

Семинар барысында имамдарға Құран, Ақида, Фикһ сабақтары, «Имам Ағзам Әбу Ханифа» масхабын кеңінен насихаттап, асыл дініміздің беделі туралы дәрістер оқылатын болды.

Имамдардың біліктілігі мен білімі жетіле түссе, жамағатымыздың саны артып, елмізге жат пиғылды ағымдардың жетегінде жүргендер саны төмендеуіне өз септігін тигізері сөзсіз. Дәстүрлі дінімізді, шариғатты ұстанып, соған орай амал етіп, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейе түсуіне бір адамдай атсалысу қажеттігі айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру