Осы мақсатта аудан мен қала мешіттері имамдарына қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері ата-анасынан айырылғандар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлер үйіне барып мейір бағыштап мерекелерімен құттықтап қайту, мешіттердің ауласын, ішкі-сыртқы тазалығын жақсарту, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлау міндетін жүктеді. Имамдар жүріс-тұрысына мән беру, жиналыстарға сәлде - шапанын киіп бару керектігін, мешіттерді күндіз құлыптап қоюға болмайтынын ескертті. Жиналыс соңында ҚМДБ-ның төл басылымдары «Ислам өркениеті» газеті мен «Иман» журналына жазылудың науқанын күшейту мәселесі де қарастырылды. Жиналған имамдар діни тәрбие рухани азық беретін газет-журналдарға жазылу үрдісін дамытуға күш салатындықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2013
3651
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру