Қазан айының 1-8 аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар бөлімінің Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазановтың қатысуымен Атырау мұнай және газ институтының, Қазіргі замандағы Каспий өңірлік колледжінің, Атырау аграрлық-техникалық колледжінің, Бизнес және құқық колледжі студенттерінің, сондай-ақ, Атырау қаласындағы №20 орта мектеп оқушыларының қатысуымен кездесу болып өтті өтті.
Мақсат - келешек ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, толеранттылыққа баулып, имандылық турасында тәрбие беріп, экстремизм мен терроризмге ұйытқы болатын теріс ағымдардан сақтандыру.
Жоғарыда аталған бес оқу орнының белсенді студенттерімен жүздескен ҚМДБ-ның Жастар бөлімінің Атырау облысындағы жауапты өкілі Н.Рамазанов өз сөзінде: «Ислам тарих сахнасына көтерілгеннен бері барша адамзат баласын әрқашан ынтымақ пен бірлікке шақырып, мамыражай бейбіт ғұмыр кешуге үндеп келеді.
Әрбір мұсылман атына заты сай, көз көргенде тамсанатын, өзгелер қызығатын тамаша тұлға болуы керек. Өйткені, «ислам» сөзі «бейбітшілік» деген ұғымды білдірсе, «муслим», яғни «мұсылман» - сол бейбітшілдікті іс жүзінде қоршаған ортаға көрсете білген тұлға.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның: «Нағыз мұсылман - оның тілі мен қолынан басқа мұсылмандар зәбір шекпеген адам», - деген хадисінен шынайы да нағыз мұсылман деген атаудың қоғамдағы басқа адамдарға тілімен де, қолымен де зиянын тигізбеген пендеге айтылатындығын. Ал, Алладан қорықпай, асыл дініміздің атын жамылып, экстремизм мен терроризмге жол беріп жүрген адасқандар исламның хақтығы мен пәктігіне кір келтіріп, мұсылмандарға қиянат жасауда», - деп, әрі қарай теріс ағым турасында кеңінен мағлұмат беріп, одан сақтану жолдарын да атап өтті.
Кездесулер соңында имамға риза болған студенттер мен оқушылар ризашылықтарын білдіріп, келешекте мұндай шаралар жалғасын тапса деген ұсыныстарын жеткізді.
Аяла ӘДІЛЕТ.
Атырау.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2013
3650
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру