ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы студенттер сарайының үлкен залында «Жасанды түсік және оның зардаптары» жөнінде ауқымды конференция болды.
Былтыр «Отбасының бұзылуы және жасанды түсік» тақырыбында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастырумен Облыстық Әбілда Тәжібаев кітапханасында көптеген жаңа отбасын құрған жас жұбайлардың басын қосып үлкен конференция өткізілген болатын. Биыл отбасын құрмай жатып өз өмірлеріне балта шауып, қолдан жасап үлкен күнәлі қасіреттің кейіпкерлері болып отырған жастарды көріп, бұл конференцияда жастардың басын қостық. Жастардың некесіз қосылуының себебінен бүгінде бүтін ғаламды сары уайымға батырып отырған аса өткір мәселе – жасанды түсік болып отыр. Осы мәселенің алдын алып, жай-жапсарын кеңінен тарқата ашу үшін дін қызметкелері мен дәрігер мамандар ауқымыды конференцияға шақырылды.
Конференция Қасиетті Құран аяттары мен ашылып, тақырыпқа тұздық болар «Жасанды түсік жайлы» арнайы жасатқан 20 минуттық бейне ролик көрсетілді. Жиналған жастар көз жастарына ерік беріп, өте әсерлі болды.
Аталмыш жиынға облыс әкімінің кеңесшісі Ахметова Рахима Қаржаубайқызы қытысып,«Қазақ әр дайым бала тәрбиесіне жіті мән берген. Соның ішінде қыз баланың тәрбиесіне мән бере отырып қызды 40 үйден тыйған. Себебі қыз–келін, қыз-ана, қыз-әже. Ел ұрпағының тәлімді тәрбие алуы осы қыз-келіншектерге тікелей байланысты. Осы уақытта ұлдарымыздың дарақы, қыздрымыздың сорақы болуы тікелей ата-ана тәрбиесіне байланысты. "Ұяңда не көрсе, ұшқанда соны ілер’’»,- жанұядағы тәрбиенің маңыздылығын ашып айтты.
Жиынға қалалық перзентхананың бас дәрігері, қалалық маслихат депутаты, Облыстық демографиялык комиссияның мүшесі Жұмашева Гүлнар Хамзақызы арнайы келіп пікір қосты:«Жасанды түсік – бұл әр бір ұлтын сүйетін адамды алаңдату керек. Жасанды түсік арқылы біз еліміздің болашағына балта шауып жатырмыз. Елімізде жылына 100 мыңнан аса жасанды түсік жасалады. Соның ішінде 40% әйелдер қауымының өз қалауы мен жасалуда. Осыдан 25 жыл бұрын оқу тәжірибесінде алғаш рет жасанды түсікте баланы бөлшектеп алғанына кугер болдым. Сол нәрседен қатты әсер алсам керек өмірімде әйелдерге жасанды түсік жасамаппын, тек балаларды дүниеге әкелулерине себепши болыппын»,- деп еліміздің болашағына өз алаңдатушылығын танытты.
Қазақстан діни басқармасының Қызылорда обылысындағы өкіл имамы, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Жасанды түсік жайлы кеңінен тоқталып,«Ислам дінінде себепсізден себепсіз дүниенің есігін ашқалы тұрған сәбидің өміріне түрлі амалдар арқылы балта шабу үлкен күнә болып саналады. "Хазіреті Пайғамбармыз (с.а.с): «Үйленіңіздер, көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен мақтанамын» – деп үмбеттің көбеюіне насихат берсе, Қасиетті Құранда "Әнғам” сүресінің 151-ші аятында:«Жарлылықтан балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерді, оларды біз ризықтандырамыз» делінген аяттарға тоқталып өтті.
Соңына қарай дін маманы мен медицина мамандарына жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып тұшымды жауаптар алса, енді бірі: «Осындай өзекті мәселелерді қозғайтын ауқымыды конференциялар әрі қарай жалғасын тапса екен, болашағымызға қажетті мағұлматтар мен қанықтық»,-деп пікірлерін ашық айтты. Келген қонақтар мен жастар ұйымы алдағы 10 күндікте тағыда өткіссеңіздер деп ұсыныстарын білдірді.
Иа, халықтан ұсыныс түссе тақырыптың қоғамда маңыздылығын және де конференцияда тақырыптың ашылып, келген жастардың жүректеріне қонғандықтарын білдірмейме?..
Еліміздің діңгегінің мықты болуы өскелең ұрпақ екенін ескерген өкіл имам адағы уақытта да бас қосулар мен жиындар болатынын айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2013
3842
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру