Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Ғилымбек Мәжиев Орал қаласының орталық мешітінде жиналған жамағат алдында, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен БҚО-ның өкіл имамы Бауыржан Әлиұлы ҚМДБ-ның уағыз насихат тобының мүшесі қызметіне тағайындалғанын хабарлады. Облыс діни ахуал қалыпты ұстауда атқарған еңбегіне ризашылық білдіріп, йығына шапан жапты.
Облыстық діни істер жөніндегі департамент басшысы Талғат Рақымұлы жамағат алдында сөз алып, Б. Әлиұлының атқарған қызметіне ризашылығын білдірді. Өз кезегінде сөз алған облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Амангелді Дүйсенәлиев иманды азаматтар атынан ақ тілегін жеткізді.
Бауыржан Әлиұлы облысқа келген күннен бастап өзіңе қолұшын беріп, қолдағандар мен барша жамағатқа ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы болып, Орал қалалық мешітінің бас имамы Сұлтанов Руслан Тынықтықұлы тағайындалды.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2013
4771
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру