Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Қарақұлов Еркебұлан Ибраемович, Атырау облысы, Атырау қаласы облыстық орталық «Иманғали» мешітінің найб имамы қызметінен босатылып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітіне бас имам болып тағайындалды.
Орын Ербосын Бектұрсынұлы ОҚО имамының орынбасары және Шымкент қаласының«Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы қызметінен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Іс басқарушысы қызметіне ауысты.
Ол 1998-2006 жж. Египет Араб Республикасындағы Ал-Азхар университетінің «Теология негіздері» факультетінің «Тәпсірші» мамандығы бойынша тамамдады.
2008-2010 жж. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы университеті «Дінтану» мамандығының магистрі.
2009-2011 жж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында діни сараптау және талдау бөлімінің және 2010 жылдары қосымша қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Тәжірибесі мол, білімді де білікті маман, жамағат пен жергілікті әкімшілік жүйемен тіл табыса білетін азамат.
Сондай-ақ, бірнеше кітаптар мен мақалалардың авторы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.10.2013
3662
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру