
Суретте: Жезқазған аймақтық имамдар жиналысы
Жезқазған аймақтық мешітінің өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы 26 қыркүйек күні қала, аудан, ауыл имамдарымен жүздесіп, 2014 жылғы төл басылымдарымыз «Ислам және Өркениет» газеті және «Иман» журналына жазылуға тапсырмалар берді.
Атап айтқанда Қаражал қаласы, Сәтбаев қаласы,Жәйрем, Жезді кенті, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарынан келген имамдарға халық арасында, мекемелерде басылымдарға жазылуға насихат жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Және – де қоғамда белең алып бара жатқан «Сәләфилік», «Уахабилік» ағымдарға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын мүмкіндігінше үдете түсу керек екендігін баса айтып өтті. ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша мешіт жамағатының арасында уағыздарда дөрекілік танытпай, мұсылмандарға мәдениеттілік көрсету керек екендігін де ескертті.
Жезқазған аймақтық орталық мешітінің арнайы AHMETISHAN.KZ сайты ашылғандығын мәлімдеді. Әр мешітке интернет желісін орнатып, аймақтық мешіттегі уағыздарды бір мезгілде басқа шалғайдағы мешіттерге таратуға болады. Сондықтан осы бастаманы тез арада жүзеге асыруды қолға алуымыз керек. Алдағы уақытта осы сайттың қарқынды түрде жұмыс істеуіне уақытылы жіберілген мағлұматтар, мақалалармен суреттерге байланысты.
Жезқазған аймақтық мешітіне қарасты сауат ашу курстарының мәселесі де қозғалды. Аймақтық имамдарға алдағы уақытта шәкірттер жіберуін тапсырды. Осы айтылған жұмыстарды орындауға Аллаһ Тағала жеңілдігін берсін деген ниетте тарқады.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.09.2013
4121
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру