Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов бас имамды құттықтады

27.09.2013 4246 0 пікір

24-қыркүйекте Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов жаңа тағайындалған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновтің атына құттықтау хатын жолдады.

Қала әкімі бас имам Наурызбай Тағанұлын барша астаналықтар және өз атынан құттықтап: «Елордамыздың мұсылман жамағатын имандылық жолына ұйытып, адам баласын ізгілікке бет бұрғызатын рухани жетекшілік лауазымға лайықты болып табылуыңызды Сіздің діни біліміңіз бен дәрежелі білігіңіздің көрінісі, Өзіңізге жүктелген жоғары сенімнің нәтижесі деп білемін», - деп ізгі ниетін білдіруде.

Астана қаласы әкімінің құттықтауын қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуренов арнайы келіп табыстады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру