Орал медресе колледжінің инфрақұрылымы
Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Орал» медресесі жеке мекемесі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22-үйде орналасқан.
Тіркеу органы: Орал қалалық Әділет басқармасы. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, 2017 жылы 17 сәуір, БСН 090440006564
Мемлекеттік лицензияны берген орган: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі. Лицензияның берілген күні: 05.03.2013 ж, № 13003435.
Материалдық-техникалық базасы
Оқу корпусы 2 қабаттан және цоколмен қатар қызметтік құрылыстардан тұрады, құрылыс ауданы 308,5 ш.м2., жалпы алаңы 747,1 ш.м2. Бірінші қабатта – әкімшілік және оқытушылар бөлмесі, медициналық пункт, есепші бөлмесі, асхана, аспазхана, санитарлық торап, себезгі кабиналар, екінші қабатта – оқу аудиториялары, жатын бөлмелер орналасқан. Цоколда киім шешетін бөлме (гардероб), қойма, мәжіліс залы, кітапхана, компьютер сыныбы.
Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жихаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Сонымен қатар бос уақытта көру үшін 1 теледидар бар. Медресе асханасында (тегін) күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.
Оқытушылардың құрамы
Медреседе 10 оқытушы сабақ береді, барлығының білімдері жоғары. Оқытушылардың білімі, мамандану деңгейі жүйелі білім беру талаптарына сай, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді.
- медициналық пункт – 13,3 м2;
- асхана 50 орындық ас ішетін залы бар, жалпы ауданы 38,2 м2;
- арнайы пәндер кабинеті 49,7 м2
- кітапхана жалпы ауданы 31,6 м2 , кітап қорының саны 6249 дана;
басқа да тұрмыстық жайлары
монша және кір жуу кешені