Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақтөбе» медресе-колледжі

«Ақтөбе» медресе-колледжі

Мекеме атауы: «Ақтөбе медресе колледжі» жеке мекемесі

Мақсаты:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Батыс Қазақстан облыстарына қарасты мешіттерге діни мамандар даярлау, сондай-ақ дінге қызығушылық танытқан жастарды дәстүрлі дінімен сауаттандыру арқылы аймақтағы діни тұрақтылықты қалыптастыру.

Құрылтайшы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Құрылған жылы:

2008 жылы. 2012 жылы ҚР «Діни сенім және діни бірлестіктер» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу негізінде «Ақтөбе медресесі» жеке мекемесі болып қайта тіркелді.

2016-2017 оқу жылының басында «Ақтөбе медресе колледжі» жеке мекемесі болып, үшінші рет қайта тіркеліп «колледж» статусын алды.



Инфрақұрылымы:

Оқу корпусының жалпы аумағы – 2268 мқұрайды. Ғимараттың бірінші қабатында ұстаздар және директор кабинеті мен оқу сыныптары орналасқан.

Екінші қабаты тұтастай сыныптарға арналған. Үшінші қабатында компьютерлік сыныптармен бірге АКТ залы, арнайы кітапхана, есепшілердің кабинеттері бар. Сондай-ақ ғимаратта химия, физика, математика, биология, АӘД, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі, арнайы медпункт кабинеттері қамтылған.

Сонымен қатар, студенттерге арналған арнайы қос қабатты жатақхана және асхана, спорт зал бар.

Жатақхана: аумағы – 1769 м2. Ішінде студенттердің дәретханасы, намаз оқитын бөлмесі, демалыс бөлмелері қарастырылған.

Асхана: аумағы – 250 м2. 250 орындық арнайы салынған бір қабатты асханасы жұмыс істейді.


 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды қадамы 

Расында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сол кездегі шешімі бүгінгі таңда оңды нәтиже беруде. Олай дейтініміз, қазіргі кезге дейін сауат ашу курстарын тәмамдаған жастарды қоспағанда, 180 студент Ақтөбе медресе колледжінің оқу бағдарламасын толық бітіріп, «имам хатиб» мамандығы бойынша арнайы орта кәсіптік дипломға қол жеткізді. Осы түлектердің 70% Ақтөбе қаласы және облысымызға қарасты мешіттер мен басқада мекемелерді қызмет жасап жатқан болса, 20% өз еліміздегі Нұр-Мүбәрәк университеті және Египет, Туркия сияқты мемлекеттердегі жоғарғы оқу орындарында әрі қарай білімдерін шыңдауда. Ал, қалған 10%  көрші облыстардан келген талапкерлер мешіттер мен діни орталықтарда қызмет жасауда. Оқу орнын бітіріп шыққан түлектердің білек сыбана іске кірісуінің нәтижесінен жастардың басым көпшілігі шынайы имандылыққа бет бұрып, теріс ағымның жетегіне кету көрсеткіші азайды. Облысымыздағы діни тұрақтылық белсенді түрде қалыптаса бастады.

Оның үстіне жергілікті жанашыр азаматтардың демеуімен медресе колледждің жанынан жыл сайын 250 студентке арналған асхана, спорт кешені, оқу ғимараты, жатақхана, қыздар бөлімі сияқты ғимараттар бой көтеріп, оқу базасы өркендеп келеді.

Оқу корпусының жалпы аумағы-2268 м2 құрайды. 

"Исламтану" мамандығы бойынша мемлекеттік лицензияға сәйкес  (KZ16LAA00007964, 20.12.2016 жылы) техникалық  және кәсіптік білім  беру  саласында  қызметін  жүзеге  асырады. 2021-2022 жаңа оқу жылында 9 сыныптан кейінгі ер балалар және қыздар тобы ашылды. Оқуға қабылдау  негізгі (9 сынып)  және жалпы орта (11-сынып) білім базасында жүргізіледі. Біздің басты мақсатымыз – жастардың  сауаттылығын арттыра отырып, имандылыққа баулу. Сондай-ақ еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету. Колледжде Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, педагогика-психология т.б. әлеуметтік пәндермен қатар дәстүрлі дініміз негізінде Құран, Тәджуид, Ақида, Фиқһ, Ислам тарихы, Хадис ілімі, Араб тілі, Ахлақ пәндерінен дәріс береді.

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай

Мамандығы: 02210100 – Исламтану

Біліктілігі: 4S02210103 – «Имам хатиб», 4S02210104 – «Ұстаз»

Оқу ошағында білім алушы шәкірттерге жатағы және 3 мезгіл тамағы тегін.

 

Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ елді мекені, Алға көшесі №58

Байланыс телефондары:

Ерлер бөлімі:

+7 700 443 3298

Қыздар бөлімі:

8 771 843 3152


Ресми сайты: hidayat.edu.kz

Инстаграм: @aqtobe_medrese_college

Электронды пошта: aktobe_medrese2015@mail.ru