Керімбек Сәрсембайұлы Дәуітов
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген.
Білімі:
«Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінің (2000–2004 жылдардағы) алғашқы түлегі.
«КАУ» университетінің заңгер мамандығы бойынша магистрі.
2014 жылы «ИБЖИИ» 2 айлық курста 3-ші дәрежелі білімін өте жақсы бағамен аяқтаған.
2018 жылы Түркия Республикасының шақыртуымен Түркия мемлекетінің астанасы Анкара қаласында 2 айлық білім алды.
2022 жылы «ИБЖИИ» 2 айлық курста 2-ші дәрежелі білімін өте жақсы бағамен бітірді.
Еңбек жолы:
2004–2014 жылдары Жетісу облысы, Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы.
2014–2020 жылдары Жетісу облыстық орталық «Иман» мешітінде наиб имамы қызметін абыроймен атқарды.
2020 жылы Талдықорған қаласындағы жаңадан ашылған «Тәубе» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалып, облыстық орталық мешіттің наиб имамы қызметін қоса атқарып келді.
2023 жылдың 11 тамызынан бастап Жетісу облысының әрі орталық «Иман» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
Марапаттары:
Жетісу облысы, Текелі қаласының «Құрметті азаматы»
«Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған
Облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған
Облыс әкімінің «Үздік діни қызметкер» номинациясы бойынша алғыс хатымен марапатталған
Астана, Алматы, Ақтау қалаларында ұйымдастырылған республикалық азан жарысына қатысып, Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды
Сондай-ақ, облыстық Соқырлар қоғамының басшысы атынан, облыстық Жастар басқармасының басшысы атынан, облыстық Дін істері басқармасының бастығының атынан әрі Талдықорған қаласы әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды және т.б. бірқатар алғыс хаттармен марапатталған.
Үйленген, 7 баланың әкесі.