Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Жолдас Қоспақұлы Бертымұратов

1975  жылы дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

2003 жылы Мысыр Республикасы, Каир қаласы, Әл-Азһар ислам  университетін бітірген.

2016 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдаған.

2017 жылдан бастап Алматы қаласы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Phd докторанты.

Еңбек жолы:

2004-2009 ж.ж Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы ретінде бастады.

2009–2011 ж.ж  ҚМДБ-ның Павлодар облысының өкілі, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы және «Әбу Бакр Сыддық» медресесінің директоры.

2012-2014 ж.ж С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетіндегі «Этнос және конфессияаралық үрдістер» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығында кіші ғылыми қызметкер.

2013-2017 ж.ж қосалқы түрде Павлодар облысы бойынша Дін істері басқармасының «Конфессияаралық талдау және дамыту» орталығында теолог.  

2013-2017 ж.ж Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы.  

2017 жылы қырқүйек айынан бастап Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің наиб имамы.

2018 жылдың 16 наурызынан бастап ҚМДБ-ның Павлодар облысының және «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Үйленген, 2 ұл 2 қызы бар.