Сүйікті пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген мәуліт күні жөнінде Алла Тағала Құран Кәрімде:
Ол құрайыш тайпасынан, оның ішіндегі Бани һашим әулетінен шыққан. Туған жері дініміз үшін ең қасиетті орын саналатын, Алла Тағаланың рақметі жауып тұратын Мекке қаласы. Әкесінің аты Абдулла, оның әкесі Әбдүлмүттәліп, оның әкесі Һашим, оның әкесі Абдуманап. Анасының есімі – Әмина. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ата-анадан жалғыз. Өйткені, әкесі перзенті өмірге келмей тұрып-ақ дүние салған, анасынан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 6 жасында айырылған. Мұхаммед (с.ғ.с.) Исадан (р.а.) милади жыл санауы бойынша 571 жылдан кейін, 20 сәуірде, һижри жыл санауы бойынша Рабиул-әууал айының 12-сі, дүйсенбі күні дүниеге келген.
Ана құрсағында 6 айлық болғанда: «Құдайдың досы, соңғы пайғамбарға жүкті болдың, бұл бала туғанда есімі Мұхаммед болсын», - деп Әминаға аян етіледі.
Ол дүниеге келген таңда ғажап оқиғалар болды. Дүние нұрға толды. Әмина босанғанда өзге әйелдер секілді толғақ қысу, қан кетуге ұқсас қиыншылықтарды көрмеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылғанда үстінен жұпар иіс аңқып тұрды. Келінінің нұрлы бір перзент көргендігін естіп атасы Әбдүлмүттәліп үлкен той жасады. Құрайыш руының ұлықтарын шақырды. Сүйікті немересіне Мұхаммед деп есімін қойды.
Мұхаммед (с.ғ.с.) қыр мұрынды, сақалы үлкен және қалың, дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, жүзінен нұр тамып тұратын. Екі жауырының ортасында пайғамбарлық мөрі бар еді. Мүбәрәк аппақ тістері жарқырап, сөйлегенде аузынан нұр шашылып тұратын. Денесі тап-таза, хош иісті. Терлегенде де одан әдемі иіс шығатын. Біреуге қол беріп амандасса, ол кісі күні бойы сол иіске бөленіп, көңілі хош жүретін. Мүбәрәк қолымен бір сәбидің басын сипаса, ол сәби басқа сәбилерден хош иісімен ерекшеленіп шыға келетін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аса сезімтал, алыстағыны еститін, көреген еді.
Жүргенде жеңіл адымдап, тез-тез жүретін, сырттан қарағанда жәй жүріп бара жатқандай көрінгенімен жанындағылар қанша тырысса да ілесе алмай қалып қоятын.
Бос сөз сөйлемейтін, әрбір сөзі даналық әрі насихат еді. Жылы жүзді, тәтті сөзді болатын. Ешкімге жаман сөйлемейтін, ешкімге жамандық жаса-майтын, ешкімнің сөзін бөлмейтін. Жұмсақ мінезді, өте кішіпейіл еді. Айбатты және байсалды еді. Қатты күлмей, тек жымиятын. Жұртқа көзінің қиығымен ғана қарайтын. Сахабаларды алдына жіберіп, өзі соңында жүретін. Кім-кімге де бірінші болып сәлем беретін.
Туған-туыстарын құрмет тұтатын, үй ішімен, сахабаларымен жақсы қарым-қатынаста болатын. Қызметшілерін жақсы көретін, өзі не ішсе, не кисе, оларға да соны ішкізіп, соны кидіретін.
Өте жомарт, қолы ашық, мейірімді, жұмсақ мінезді, уәдесіне берік еді. Жаратылысы да, мінезі де әдемі, адамдардың ең кәмілі, теңдессіз еді. Ал енді айтулы мерекенің шығу тарихына аз-кем тоқталайық.
Қазіргі таңда мәуліт көптеген мұсылман елдерінде атап өтіледі. Марокконың ортағасырлық тарихшысы әл-Ифрани:
Алайда Пайғамбарға (с.ғ.с.) жыр арнау дәстүрі оның көзі тірі кезінде де болған. Мысалы, ақын Каъб бин Зухайр (?-662) оған «Банат Суад» деген поэмасын арнаған. Осы ақынға еліктеп көптеген шайырлар да Пайғамбарға (с.ғ.с.) өз жырларын бағыштаған. Маулудийа поэмаларында хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туғанынан бастап, бақилыққа көшкенге дейінгі өмірі жайлы айтылады. Ол құрылымы жағынан араб әдебиетінің дәстүрлі жанрларының бірі – қасидалар-дан алшақ емес. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ерекше жаралғандығы мен керемет қасиеттері жөніндегі әңгімелердің кең тарауына байланысты Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күні – мәулітті жыл сайын тойлап отыру дәстүрі өмірге осылай келген.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру