Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ораза айт күні сәресін ішуге бола ма?

Хасан Аманқұл muftyat.kz 12.05.2021 32144 0 пікір
Ораза айт күні сәресін ішуге бола ма?

Шариғат кітаптарында ораза айт күні мешітке барудан бұрын дәм ауыз тию – мұстахап, делінген (Фатху бабил-ғиная, 1/573).

Хадистерде: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза айт күні тамақ ішпей мешітке шықпайтын еді», – деп айтылған (Тирмизи, Ибн Мажә).

Егер айт намазы күн найза бойы көтерілгеннен кейін оқылатынын ескерсек, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айт мерекесі күні күн шыққаннан соң тамақтанғанын түсінеміз. Демек, оның ішкені сәресі емес болып шығады.

Сонымен қатар, ораза ұстаған адам сәресін таң атқанға дейін ішу керек. Ал, шариғат бойынша айт күні ораза ұстауға рұқсат етілмейді. Өйткені, хадистерде «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын» деп айтылған (Бухари).

Сондықтан, ораза айт күні мұсылмандар ораза күні сияқты сәресін ішпейді, күндіз ауызы ашық болады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру