Ғалымдар бақыт – адамның қалауын қанағаттандыруы депті. Олар бақыт екі нәрседен тұрады деп тұжырым жасайды. Бақыт - әлденені қалау және сол қалауға қол жеткізудің арасында көңіл-күй депті. Мәселен: күн ыстық болып шөлдедік делік, сол кезде әлде бірнәрсенің жетпейтінін іштей сездік, су ішуге деген ұмтылыс пайда болды, суды іштік те бақытқа кенелдік. Көпшілік шынайы бақыт деген осындай арман-тілектердің жүзеге асуы деп есептейді. Сонда біз іздеп жүрген бақыт деген осы ма?
Бірақ біз нені қалаймыз? Ол қалау кімнің қалауы? Күн сайын өзгеріп жаңасы пайда болып отыратын материалдық құндылықтарға не үшін үздіксіз ұмтыламыз? Бақытты ұстап алуға соншалықты құмартып, иеленгіміз келгенмен көзге көрінбейтін елес секілді, өйткені бақытты жоқ жерден іздедік. Адам бақытты көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Бақытты ақшаға сатып ала алмаймыз. Бақытқа байлықпен де жету мүмкін емес. Себебі, бақыт одан да қымбат. Алла тағала Құранда: «Иман келтіріп, ізгі іс істеген еркек те, әйел де жұмаққа кіреді», - дейді («Ниса» сүресі, 124-ші аят). Шын бақыт осы. Бақытты әркім әр түрлі түсінеді. Бүгінгі таңда «Бақыт» ұғымы өз қалауынан толық қанағаттанушылық сезімін сезінген адамның психологиялық көңіл-күйінің жай табуы дейді. Бірақ, бұған адам баласының еш уақытта толыққанды бақыт қуанышын сезіне алмайтындығын келтіре кетпеске амал жоқ. Заңдылық екеш заңдылық ретінде адамға үнемі бір нәрсе жетпей жатады. Адам бақытты көлік, жұмыс, үйден іздейді. Алайда, шат-шадыман тұрмысқа кенеліп, байлыққа белшесінен батқандардың рухани түйыққа тіреліп, түрлі жағдайларға тап болып жататындары да белгілі. Әлеуметтік сараптаулар бойынша, қазіргі қоғам бақытты үш тармақтан іздейді:1) Ақшадан2) Киінуден3) ҚыдыруданҚысқаша қайырғанда, материалдық құндылықты бақыт деп есептейміз. Сондықтан оған үздіксіз ұмтыламыз. Бірақ, мұндай арман-тілек қалай жүзеге асысымен, артынша бақыт ізім-ғайым жоқ болып кететіндіктен ондай бақыт бұл уақытта жоқ нәрсе және бұл уақытта жете алмайтын нәрсе болып қала береді.Жаратушы Раббымыз шынайы бақытты: «Алла әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе?» - деп шынайы бақытты екі дүниенің кілті иманда екенін айтады. («Зумар» сүресі, 22-ші аят). Тағы бір аятта Алла тағала: «Әрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса, расында, істердің ең маңыздысы осы»,- дейді. («Шура» сүресі, 43-ші аят).
Бақыт деген ұғымға адамдардың көз қарасы қандай?
Бақытқа жету әр адамның өмірге деген көзқарасына байланысты ма?Сарапшылар осы сауалдың жауабын білу үшін 16 мың адамнан сұрақ-жауап алыпты. Нәтижесінде олардың жауаптары әртүрлі болған.1. Бақыт – ол махаббат дегендер – 35 пайыз.2. Бақыт – ол өміріңе разы болу дегендер – 28 пайыз.3. Бақыт– ол денсаулық дегендер – 17 пайыз.4. Бақыт – ол әйелің дегендер – 7 пайыз.5. Бақыт – ол байлық дегендер – 5 пайыз.Ал, ақылын сауып, жүректің түбіне бойлап хақты таныған данышпандар: «Бақыт – Аллаға жақын болу», – деген. Аллаға жақын болу – Оны соғұрлым жақсы танумен келеді. Ал, Жаратқанды жақсы тану Оған деген ғибадатпен келеді.Бірінші. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылыққа бару, бұлар құлшылықтың негізі саналады.1) Парыз амалдар.2) Нәпіл амалдар.3) Зікір.4) Құран оқу.5) Түрлі жақсылықтар жасау.6) Алла Тағаланы танып білу.
Екінші: Бақыт пен Иман
Иман екі дүниенің бақыты екеніне құранның мына аяты дәлел:«Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тура жолға түсірілгендер». («Әнғам» сүресі, 82-ші аят). Шынайы бақыт жүректе болады. Ол Аллаға деген ерекше сүйіспеншілік.
Үшінші: Бақыт пен Разылық
Басқа түскен барлық ауыртпалықтарға, қиындықтарға сабыр етіп, байсалдылық таныту шынайы иманның белгісі. Қолдағы барға қанағат ету де бақыт. Дененің сау болуы да бақыт.Әрбір адамның бақытқа берер өз анықтамасы бар. Бақытқа бастар бағыт біреу ғана, бұл:Жүректің тыныштығы, айналамыздағы адамдардың бақытты болуыБұл бір есепте адам үшін - өзіңді қоршаған ортаның бақытты болуы біздің де бақытымыз. Бұл утопия сияқты көрінгенімен, отбасылық жағдайға қарасақ мұның шындық екеніне көзіміз анық жетеді. Мәселен: отбасылық мына көріністі көз алдыңызға елестетіп көрейікші. Анасының құшағындағы бала ерке қылығымен баурап алып, қаншалықты қуанса анасы да соншалықты қуанышты, әрі бақытты. Баласынан аянар мейірімі жоқ. Ол күлсе күледі, жыласа жылайды. Адамдар да, әлем де солай. Тұтас заңға бағынады. Өзгелер бақытты болса біз де бақытты боламыз. Бір қарағанда қиял ғажайып ертегіге ұқсайды. Осылай деп санаған адам шынайы бақытқа ешқашан жете алмайды. Осыдан келіп шығатын қорытынды эгоизм бар жерде бақыт бір жерде тұра алмайды. Бақыт альтруизмге тән. Отбасыға, достарға, алыс-жақын адамдарға үнемі қайырымды адам шын мәнінде де бақытты адам. Қаблиса жыраудың өз өлеңінде бақыт туралы былай деп ұқтырады: «Бақыт, қайда барасың? Ата-анасын сыйлаған,Ұйымшылдық ойлаған,Тату жанға барамын.Бақыт, қайда барасың?Шариғат сөзін тыңдаған,О дүниені ойлаған,Аллалы үйге барамын».Бақытымыздың бастауы болған шынайы иманнан Алла айырмасын деп тілейміз.
Ғалымжан ӘБІЛДАҰЛЫ,
әл-Әзһар университетінің теология және
философия факультетінің түлегі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2014
7837
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру