Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстанның діни интерактивті картасы (اقمولا وبلىسى)


2007 жылдың 1 шілдесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен Астана қаласы «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан «Астана медресесі» ашылды. Медресенің оқу корпусы екі қабатты, корпуста оқу кабинеттері, компьютер бөлмесі, кітапхана орналасқан. Медресе жатақханасы үш қабатты толық санитарлық ережелер мен талаптарға сай жабдықталған. Жатақханада 48 жатын бөлме, алғашқы қызмет көрсету орны және асхана бар. Медреседе исламтану мамандықтары бойынша оқытады. Қабылдау емтихандары қабылдау комиссиясымен жүргізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің берген мемлекеттік лицензиясы № 0064030, 27.09.2008 ж.


Астана медресесіне қабылданатын үміткерлерге қойылатын талаптар:
• Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
• Жас аралығы 25 тен аспауы тиіс;
• Жалпы орта білімі туралы аттестаты;
• Түсетін үміткердің облыс имамынан ұсынысы;
• Діни сауаты болуы керек
Медресеге қабылданатын құжаттар:
• өтініш
• жеке куәлігі
• облыстық мешіттің бас имамының ұсынысы
• аттестат /түпнұсқасы/
• өмірбаян
• мед. анықтама
• әскери шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік
• тұрғылықты жерден анықтама
• фото 3Х4 /4 дана/ 

Мекен – жайы:
ҚР, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы , 36
«Астана медресесі» діни бірлестігі
Байланыс телефондары: 24 46 44, 24 30 44, факс 24 46 29