Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МҮФТИЯТ» КОМАНДАСЫ JASTAR DAY ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 24.08.2026 266 0 пікір
«МҮФТИЯТ» КОМАНДАСЫ JASTAR DAY ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Елордада Халықаралық жастар күніне орай Астана қаласының Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Jastar Day жобасы аясында жастар ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті.

Спорттық додаға елорданың 12 жастар ұйымынан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынады. Жастардың белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарыс тартысты өтіп, қатысушыларға ерекше серпін сыйлады.

Турнирде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторы еріктілерінен құралған «Мүфтият» футбол командасы да бақ сынап, қарсыластарынан оза шауып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Команданы алаңда ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Б. Күзекбай капитан ретінде бастап, жастарға қолдау көрсетті.

Ислам діні дене шынықтыру мен спортқа да ерекше мән береді. Алла елшісі Мұхаммед ﷺ жастардың жігерлі, шымыр әрі пайдалы іске ұмтылғанын құптаған. Спорт – денсаулықты нығайтып қана қоймай, жастарды тәртіпке, табандылыққа, командалық рухқа және өзара сыйластыққа тәрбиелейтін маңызды құрал.

Осы ретте «Мүфтият» командасының турнирдегі жетістігі – діни құндылықтарды спортпен ұштастырып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесі. Жеңімпаздарды және жүлдегер атанған «Мүфтият» командасын ІІ орынмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрініп, абырой биігінен түспей, жастарға үлгі бола берулеріне тілектеспіз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру