Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КУВЕЙТ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.08.2025 1736 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КУВЕЙТ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кувейт Мемлекетінің Елшісі Омар Ахмед Мұхаммед Мұрат әл-Кандари мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында тараптар қос ел арасындағы рухани және мәдени ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылап, бұған дейін жүзеге асқан игі істерге шолу жасады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Елшінің қызметіне сәттілік тілеп, Қазақстан мен Кувейт арасындағы діни-рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Омар Ахмед Мұхаммед Мұрат әл-Кандари Бас мүфтиге қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, екіжақты әріптестікті тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру