Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу облысында қайырымдылықты жүйелеуге арналған семинар өтті

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры muftyatkz 25.11.2026 191 0 пікір
Жетісу облысында қайырымдылықты жүйелеуге арналған семинар өтті

Жетісу облысында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық жұмыстарын жүйелеуге арналған  семинар өтті. 

Жиынға облыстың Бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысты. Сонымен қатар өңірдің қала, аудандық және ауылдық мешіттеріндегі қайырымдылыққа жауапты дін қызметкерлері мен еріктілер және жастар, оның ішінде «Қайырымдылық жаршылары» (QJ) еріктілері бас қосты.

Семинарда Қор директоры мал басынан берілетін зекет пен ұшырды жинаудың жаңа тетіктерін, мұқтаж жандармен кері байланысты нығайту және жобаларды жүйелі іске асыру жолдарын түсіндірді.

Ал өңірдің Бас имамы мұқтаждарға көмектесу исламдағы бауырмалдық пен өзара жәрдемдесу құндылықтарының айқын көрінісі екенін атап өтті.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру