Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан берілген жолдамамен қостанайлық азаматтар – Мейрам Қошқарбайұлы мен Виталий Тупикин қасиетті Ұмра қажылығын өтеп қайтты.
Қажыларды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық әуежайда облыстық мешіттің имамдары, ұстаздар мен жамағат күтіп алып, жылы лебіздерін білдірді. Сапардан оралған жерлестеріміз алған әсерлерімен бөлісіп, Бас мүфтиге және барша жамағатқа шынайы алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, бұл қасиетті сапарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Tawaf Travel» қажылық компаниясы ұйымдастырды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
https://akmechet.kz/kz/
28.08.2025
1102
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру