Қазақ салтында келіннің түскен шаңырағындағы үлкендеріне құрмет ретінде иіліп сәлем салатын дәстүрі бар. Құрмет көрсеткен ибалы келінге өз кезегінде үлкендер «Өркенің өссін!», «Бақытты бол!», «Көп жаса, қарағым» деп жақсы тілек айтып, ризашылығын білдіреді.
Келіннің үлкендерге құрмет ретінде иіліп сәлем салуы Аллаға серік қосу болып саналмайды. Өйткені Құран Кәрімде періштелердің Адам атаға сәжде жасағандығы, Жүсіп пайғамбарға бауырлары сәждеге иіліп сәлем берулері адамның алдында сәжде жасаудың өзінің серік қосуға жатпайтындығын білдіреді. Егер бұл серік қосу болып саналғанда Алла Тағала періштелеріне, Жүсіп пайғамбар бауырларына сәжде жасатпас еді. Сондықтан бұл мәселе ақидаға емес, шариғаттың харам немесе халал бөліміне жатады.
Ибн Муфлиһ әл-Мәқдиси: «Иіліп сәлем беру – жәйіз (рұқсат). Себебі ибн Омар Шам еліне барғанда жергілікті өзге дін өкілдері оған иіліп сәлем бергенде, оларға тыйым салмады. Бұл мұсылмандарды құрметтеу болып саналады»[2], – дейді.
Сондықтан келіннің үлкендерге құрмет ретінде иіліп сәлем салуы шариғатқа қайшы емес.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
[1] «әл-Мәусуғату әл-фиқһия», 23/135.
[2] «әл-Әдәбу әш-Шарғия», 2/250.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
fatua.kz
18.07.2024
4068
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру