Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БІРЕУГЕ ТАПСЫРЫС БЕРІП ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі muftyat.kz 18.07.2021 2218 0 пікір
БІРЕУГЕ ТАПСЫРЫС БЕРІП ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?

Шариғат бойынша бір адам өзінің атынан басқа бір адамды белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені, адам баласы кейбір жағдайларда бір істі орындауға жарамай қалуы мүмкін. Сонда біреудің көмегіне жүгінеді, яғни, сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді[1].

Бұған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хаким ибн Хизамға (одан Алла разы болсын) құрбандық сатып алуға тапсырыс берген оқиғасы дәлел.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хаким ибн Хизамға бір динар беріп, оны құрбандық малын сатып алуға жібереді. Әлгі сахаба бір динарға құрбандық малын сатып алады. Сосын оны екі динарға сатып жібереді. Сөйтіп, қайтады да, бір динарға құрбандық малын сатып алады. Артық бір динарды Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкеп береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі бір динарды садақа етеді де, сахабаның саудасына береке тілейді[2].

Сондықтан, құрбандықты үйінен шықпай біреу арқылы орындауға  да болады. Яғни, құрбан шалуға ниет еткен адам өзіне бір сенімді адамды уәкіл етіп тағайындайды да оған құрбандықтың ақшасын беріп, малды сатып алуды, бауыздауды, етін бөлшектеп таратуды тапсыра алады. Шариғатта бұл қарым-қатынас «уакалат» деп аталады. Бүгінгі карантин жағдайында көпшіліктің осы тәсілмен құрбан шалуы тиімді әрі қолайлы.

Құрбандыққа тапсырыс беру, оны тіркеу, керекті мәліметтер және хабарламалармен бөлісу онлайн түрінде жүріп жатқаны үшін ол «онлайн-құрбандық» деп те аталуда.

 

 ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 

[1] Һидая, 3/357.

[2] Әбу Дәуіт риуаят еткен.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі