Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАРҚҰМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі muftyat.kz 17.07.2021 3354 0 пікір
МАРҚҰМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?

Дүниеден озған адамның (марқұмның) атынан сауап ниетінде құрбан шалуға болады. Бірақ, мойнына құрбан шалу уәжіп болған кісі ең әуелі өз атынан құрбандық шалуға тиісті.

Әли (Алла оған разы болсын) біреуін өзі үшін, екіншісін Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атап екі құрбандық шалған. Бұның себебін сұраған кісілерге ол:

إن رسول اللَّه صلَّى اللَّه عليه وسلَّم أوصاني أن أضحّي عنه فأنا أضَحّي عنه 

«Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кеудемде жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық шалуымды өсиет еткен»[1], – деп жауап берген.

Өлген адам үшін құрбан шалғысы келген адам оны құрбан айт күндері орындауы шарт. Құрбандық етінен құрбан шалған адамның өзі де, басқалар да жесе болады.

Егер құрбан шалуды қайтыс болған адам өсиет етсе, құрбандық етін оның мұрагерлері жей алмайды. Құрбандықты түгелдей кедей мен мұқтаждарға таратып беру керек.

 

 ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 

[1] Әбу Дәуіт риуаят еткен.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі