Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КҮН ТҰТЫЛҒАНДА ҚАНДАЙ НАМАЗ ОҚЫЛАДЫ?

muftyat.kz 10.06.2021 1911 0 пікір
КҮН ТҰТЫЛҒАНДА ҚАНДАЙ НАМАЗ ОҚЫЛАДЫ?

Күннің тұтылуын – «кусуф», айдың тұтылуын – «хусуф» деп атайды.

Бір елде күн тұтылса, сол елдің имамы азансыз, қаматсыз халықпен екі рәкат намазды жария оқиды. Пайғамбарымыз (ﷺ) күн тұтылғанда қиямда ұзақ тұрып, екі рәкат намаз оқып былай деді: «Бұл құбылыстар – Алланың ұлылығын паш еткен дәлелдер. Алла осындай құбылыстармен құлдарын қорқытуды қалайды. Бұндай нәрсені көрген кезде ең соңғы парыз намазы секілді намаз оқыңдар»[1].

Ай мен күнге байланысты Алла Тағала былай дейді: «Түн мен күндіз және күн мен ай – Алланың (құдіретін көрсететін) дәлелдерінен. Күнге де, айға да сәжде етпеңдер. егер құлшылық қылатын болсаңдар соларды жаратқан Аллаға сәжде етіңдер» [2].

Бұл аяттағы «сәжде етіңдер» әмірі ай мен күн тұтылғанда намаз оқу мағынасын білдіреді. Бұл намаз үлкен мешітте оқылса, абзал. Бірақ басқа жерлерде де оқуға болады. Намаздан кейін имам күн ашылғанға дейін жамағатқа қарап отырып, дұға етеді. Жамағат «әмин» дейді.

 

[1] Бухари, Кусуф, 1, 17

[2] Фуссилат, 41/37. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі