Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында өңір имамдарымен кездесіп, насихат айтты.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үшін рухани тұрғыдан маңызды жыл. Біз қоғамдағы адалдық, әділет, жауапкершілік, еңбекқорлық сынды құндылықтарды насихаттау үшін діни салада 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жарияладық. Бұл игі бастаманы баршамыз ауызбіршілікпен ыждағатты түрде жүзеге асыруға тиіспіз. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің әрқайсыларың бақташысыңдар және әрқайсыларың өз қарамағыңдағылар үшін жауап бересіңдер», – деген хадисін жақсы білесіздер. Бұл хадис имамның өзіне қатысты жауапкершілікті терең сезінуге үндейді. Сондықтан өзімізге жүктелген міндетті ықыласпен атқаруға тырысайық» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
05.09.2026
34
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру