Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

05 Қыркүйек 2026

23 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШКІ АС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.09.2026 26 0 пікір
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШКІ АС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ақтөбе қаласында өткелі жатқан қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық байқауының қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан салтанатты кешкі ас ұйымдастырылды.

Кешкі асқа республикалық жарысқа қатысушы қарилар, қазылар алқасы және жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Жылы жүздесу мен рухани мазмұндағы сұхбатқа толы кеш барысында қатысушыларға алғыс білдіріліп, игі тілектер айтылды.

Шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан өңір мешіттеріне тұрақты түрде демеушілік көрсетіп, діни-ағартушылық жұмыстарға үлес қосып жүрген мешіт жанашырларына Алғыс хаттар табысталды.

Алғыс хатта мешіттің қоғамдағы орны, ізгілік пен бауырмалдықты дәріптеудегі маңызы атап өтіліп, демеушілерге Алла Тағаладан береке мен сауап тілегі білдірілді.





































Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру