Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық байқауына қатысушылар мен қонақтардың құрметіне ұйымдастырылған салтанатты кешкі аста өңірдегі дін қызметінің дамуына, мешіт жұмысы мен діни ағартушылыққа үлес қосып жүрген бірқатар имамды ҚМДБ-ның 35 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады.
Марапат иелері:
Айниязов Алдаберген Айтқұлұлы – Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Сағашилі ауылдық «Ерболат Қамалұлы» мешітінің бас имамы;
Рүстем Нұрғазин Садықұлы – Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Сарқөл ауылдық мешітінің имамы;
Балсеріков Жанаберген Сәрсенбайұлы – Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол ауылдық мешітінің имамы;
Наурызбаев Ерлан Жәдігерұлы – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Төбе мешітінің имамы;
Торбаев Жексенбай Жұмаділләұлы – Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы;
Қошқарова Кегжекүл – Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы;
Башманов Нұрлыбек Сапарұлы – Ақтөбе облысы, Алға ауданы, «Бесқоспа» ауылдық мешітінің имамы.
Бас мүфти марапат иелеріне дін қызметіндегі қажырлы еңбегі, жамағаттың діни сауатын арттыру мен рухани құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметтеріне береке мен табыс тіледі.





















Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру