Бүгін Ақтөбе қаласында XV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе тарту рәсімінде байқауды ұйымдастырушылар – қариларға байқау шарттары мен ережесін қосымша ескертіп өтті. Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. Бүгінгі жеребе тарту рәсімі барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды.
Қарилар байқауы 5-6 қыркүйек күндері Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде өтеді және жалпы көрерменге Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және «МұнараТВ» телеарнасынан тікелей көрсетілім ұсынылады.
Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/n4IiU_YXoJM?si=nNafin4yfYcN9kBL














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
04.09.2026
147
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру