Ақтөбе қаласында «Досжан хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» тақырыбында республикалық ғылыми-танымдық конференция басталды.
Конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Ағыбайұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Меңлібекұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Үмбетқан Қуандықұлы,
ҚМДБ жанындағы Ислам институтының директоры Қыдыр Төрәлі сынды ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлері қатысуда.
Ғалымдар XIX ғасырдағы қазақ даласының діни-ағартушылық кеңістігінде өзіндік орны бар ғұлама, ұстаз, ойшыл, ел қамын жеген қайраткер Досжан Қашақұлының өнегелі өмірі мен рухани мұрасы жайлы баяндама жасайды.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
04.09.2026
231
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру