Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН ТАМАШАЛАҢЫЗ (LIVE)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 04.09.2026 125 0 пікір
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН ТАМАШАЛАҢЫЗ (LIVE)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 5-6 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласындағы орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық байқау өтеді.

Республикалық құран жарысы Діни басқарманың «Мүфтият» YouTube арнасынан ертең сағат 08:30-дан бастап тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі күнге жалғасатын байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80 үміткер бақ сынайды. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен өткен үздіктер 4 аталым бойынша: Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша сынға түседі.

Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/n4IiU_YXoJM?si=nNafin4yfYcN9kBL 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру