Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлытау облысының дін қызметкерлері республикалық аттестаттаудан өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 03.09.2026 70 0 пікір
Ұлытау облысының дін қызметкерлері республикалық аттестаттаудан өтті

Ұлытау облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған кезекті Республикалық аттестаттау өтті.

Аталған аттестаттауға арнайы құрылған комиссия мүшелері қатысты. Атап айтқанда: Асан Әбдіқұлұлы Тлеубердиев – ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі; Хасан Ташайұлы Аманқұлов – ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі; Елбек Тасболатұлы Хожамуратов – ҚМДБ РАНТ мүшесі.

Республикалық аттестаттау барысында Ұлытау облысының дін қызметкерлері арнайы талаптар бойынша өз білімдері мен біліктіліктерін сынға салды.

Бұл аттестаттау – дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың білімін жетілдіруге және халыққа сапалы діни қызмет көрсету ісін одан әрі дамытуға бағытталған маңызды шара.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру