Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ АВИАКОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.09.2026 130 0 пікір
ҚМДБ АВИАКОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажыларымызды әуе тасымалдауда қолайлы жағдай жасау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында ашық конкурс жариялайды.

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:

1. Үміткер авиакомпанияның «Қажылық-2027» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
2. Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Королдігінің арасындағы тікелей әуе бағытқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
3. Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Түркістан қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған қолайлы билет құнын ұсыну;
4. Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 01.05.2027ж. мен 10.05.2027 ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 21.05.2027ж. мен 01.06.2027ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;

Ескерту: Сауд Арабиясының талаптарына қарай аталған мерзімдер 1-3 күнге өзгеруі мүмкін.

Аталған құжаттар 2026 жылдың қыркүйегінен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы а.ж. 7 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды!

Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне: +7 717 299 93 87,Жүсіпов Ерболат, хабарласуға болады.       

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру