Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

2027 ЖЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚ МАУСЫМЫНА ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ІРІКТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 31.08.2026 290 0 пікір
2027 ЖЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚ МАУСЫМЫНА ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ІРІКТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысатын туроператорларды іріктеу жұмыстарының қорытындысын жариялайды.

Іріктеудің негізгі мақсаты – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, отандастарымыздың Сауд Арабия аумағында қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Сауд тарапының қажылық саласына қатысты заңды талаптарын сақтау.

Белгіленген тәртіпке сәйкес іріктеу жұмыстары арнайы құрылған комиссия тарапынан жүргізіліп, үміткер туроператорлардың қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастырудағы жыл бойғы қызмет көрсеткіштері мен оң тәжірибесі, ресми тәртіпте алған туркодтары, тиісті лицензияларының жарамдылығы «Туристік Қамқор» корпоративті қоры арқылы анықталды.

Сонымен қатар туроператорлардың ұйымдастырушылық қабілеті және белгіленген талаптарға сәйкестігі сараланды. Сауд Арабиясы тарапынан қажылықты ұйымдастырушыларға қойылатын нақты талаптар да сақталды.

Дербес комиссия мүшелері белгіленген тәртіпке сай туроператорларды баллдық жүйемен бағалап, қажылық орындарын бөлді.

Кешенді және салыстырмалы бағалау қорытындысы бойынша 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп келесі туроператорлар жарияланды:
  1. «Атлас Туризм» ЖШС
  2. «Нұрхан Тревел» ЖШС
  3. «Тауаф Тревел» ЖШС.
  4. «Хикмет Тревел» ЖШС

Сонымен қатар, аталған ашық конкурстан өтпей қалған туроператорлар заңды түрде белгіленген тәртіпте жоғарыдағы туроператорлардың бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру