Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МӘУЛІТ КЕШІНДЕ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.08.2026 25 0 пікір
МӘУЛІТ КЕШІНДЕ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Астана қаласында өткен «Адалдық – Пайғамбар (ﷺ) өсиеті» атты рухани мәуліт кеші аясында көпбалалы отбасына баспана кілті табысталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жеті баланың анасы Айгүл Темірхановаға жаңа баспананың кілтін салтанатты түрде табыстады.

Айгүл Темірханова – асыраушысы жоқ, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, жеке баспанасы болмаған көпбалалы ана. Игі бастама отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және баспаналы болуына мүмкіндік берді.

Қайырымдылық шарасы ҚМДБ-ның «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жүзеге асты. Осылайша, Мәуліт кешінде аталған жоба бойынша 917-ші баспана өз иелеріне табысталды.

Сонымен қатар, рухани кеш барысында көпбалалы отбасыға 500 мың теңге көлемінде Мәуліт сыйлығы тарту етілді.

Айта кетейік, ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы әлеуметтік жағдайы төмен, баспанасыз және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп келеді.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру