Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДАДА ПАЙҒАМБАР ӨМІРІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.08.2026 67 0 пікір
ЕЛОРДАДА ПАЙҒАМБАР ӨМІРІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Адалдық – Пайғамбар (ﷺ) өсиеті» атты рухани кеші аясында арнайы танымдық көрме өтті.

Көрме ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өнегелі өмірі мен адамзатқа қалдырған асыл өсиеттерін кеңінен таныстыруға бағытталды.

Көрмені ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Көрме барысында келушілер Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғибратты ғұмырымен танысып, оның адалдық, адамгершілік, мейірімділік пен ізгілікке үндейтін өсиеттеріне қанықты. Сондай-ақ, көрмеге келушілерге зәм-зәм суымен құрма таратылып Мүфтият баспасынан шыққан кітаптар таныстырылды.














 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру