Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 1875 жылдан бері жарық көріп келе жатқан Мысырдың «AL-AHRAM» басылымына арнайы сұхбат берді.
Сұхбатта Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи-рухани байланыстар, әл-Азһар аш-Шариф ынтымақтастық, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің қызметі және діни білім беру мәселелері сөз болды.
Бас мүфти екі ел арасындағы байланыстың тарихи өзегінің бірі – Мысыр сұлтаны әз-Заһир Бейбарыстың мұрасы екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарға сапалы діни білім берудің, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеудің және радикалды идеологиялардың алдын алудың маңыздылығына тоқталды.
Бұдан бөлек, пәтуа саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғалымдар арасында тәжірибе алмасу, заманауи діни мәселелерді бірлесіп зерттеу және цифрлық кеңістіктегі діни контенттің сапасын арттыру бағыттары талқыланды.
Сұхбат барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысырдың діни-ғылыми мекемелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері де қамтылды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
30.08.2026
264
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру