Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

27 Тамыз 2026

14 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

БАС МҮФТИ «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 27.08.2026 29 0 пікір
БАС МҮФТИ «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қожа Ахмет Ясауи» атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Жүсіпбек Қасымбековты қабылдады.

Кездесу барысында жаңадан ашылған білім ордасының жұмысы, оқу үдерісінің барысы және дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Институт директоры Жүсіпбек Қасымбеков Бас мүфтиге оқу бағдарламасының жүзеге асырылуы, дәріс беретін ұстаздар құрамы және имамдардың білімін жетілдіру бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен оқу үдерісін одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы имамдардың діни білімін жүйелі түрде жетілдірудің маңыздылығына тоқталып, институт жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ оқу орнының қызметін одан әрі дамыту, дін қызметкерлерінің білімін тереңдету және олардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, «Қожа Ахмет Ясауи» атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты 2026 жылғы 17 қаңтарда Түркістан қаласында ашылған болатын. Білім ордасының негізгі мақсаты – Түркістан облысы мен көршілес өңірлерде қызмет атқаратын имамдардың діни білімін арттырып, кәсіби біліктілігін жетілдіру.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру