Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында айқындалған ізгілік пен қайырымдылық бағыттарын негізге ала отырып, Шымкент қаласының өкілдігі мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған игі бастамаға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, найб имам Ахметжан Керімбек, Бекайдар Әміре, дінтанушы Мұхамелжан Естеміров, мешіт дін қызметкерлері мен ерікті топ мүшелері қатысты.
Шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, адам өмірін сақтауға үлес қосу, сондай-ақ қоғамда қайырымдылық пен өзара жанашырлық құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Ислам шариғатында адам өмірін сақтауға себеп болатын игі амалдардың орны ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, қан тапсыру – сауапты іске себеп болып, өзгеге өмір сыйлауға бағытталған қайырымдылықтың жарқын үлгісі.
Айта кетейік, «Өмірге үміт сыйла» атты игі шараға Шымкент қаласындағы мешіттердің 100-ге жуық қызметкері белсене қатысып, ізгі бастамаға өз үлестерін қосты.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
27.08.2026
34
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру