Бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік имам» ІI республикалық интеллектуалды білім сайысы басталды.
Жарыс қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен ашылып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы дұға жасады.
Сондықтан білім додасына қатысып отырған әрбір имамды жеңімпаз деп есептеймін. Өйткені, сіздер облыс пен ірі қалаларда жеңімпаз атанып, республикалық сайысқа түсіп отырсыздар. Бүгінгі білім байқауына қатысып, білімдеріңізді жетілдіруге ұмтылудың өзі үлкен жетістік емес пе? Ендеше, сіздерге білім сайысында сәттілік тілеймін. Алла Тағала зейіндеріңізді ашып, берекесін жаудырсын», – деді ҚМДБ Төрағасы.
Айта кетейік, республикалық деңгейде екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауда қатысушылар «Қасиетті Құран», «Хадис шәріп», «Бабалар даналығы», «Дін мен дәстүр», және «Көркем насихат» кезеңдері бойынша өзара сайысқа түседі.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
26.08.2026
265
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру